Самұрық-Қазына 650 қызметкерін жұмыстан босатады - қор басшысы

Сағыныш Сардарова 27 февр. 2026 12:46

Астанада "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында шамамен 650 қызметкерді қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, елордадағы топ құрамында 6,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қысқарту осы санның 10 пайызына жуық бөлігін қамтиды. Алайда өндірістік қызметкерлерге бұл өзгеріс әсер етпейді.

"Қысқарту әкімшілік-басқару бағытындағы қызметкерлерге қатысты болады. Өндірістік ұжымдар мен филиалдар қысқармайды. Шешім қабылдауда қызметкерлерді бағалау жүйесі мен KPI көрсеткіштері ескеріледі", - деді Жақыпов.

Қысқарту шараларын наурыздың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Өтемақы мәселесіне қатысты нақты сома айтылмады. Басшылықтың мәліметінше, төлем шарттары бөлімшелерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорына нақты талап қойылды.

"Самұрық-Қазына" қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей, "сол жағалаудың" адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды. Инфляция деңгейі тұрақталып, төмендегеннен кейін нарық қағидаттарын күшейту керек болады. Даму институттары бизнеспен және қаржы секторымен тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет. Бұл қатынас бәсекелестікке емес, өзара серіктестікке негізделуі керек. Елімізде инвесторлардың қызығушылығын арттыратын салалар көп. Осы салаларды дамыту үшін мемлекет пен бизнес арасында сындарлы ынтымақтастық болуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы бұған дейін.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove