Шымкентте 7 жасар оқушының сөзінен кейін мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мұғалім 7 жасар оқушыға жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасады деген күдікке ілінген. Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқушы үйіне келгенде 36 жастағы мұғалім тізесіне отырғызып, ерсі әрекет жасағанын жеткізген.
Шымкент Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Құқыққа қарсы әрекетті жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жедел тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәгерлер мен өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр. Барлық уәж тексеріліп, жиналған материалдар мен дерек жан-жақты талданады", - деді полиция.
