Астана оқушылары қашықтан оқып жатыр

Көркем Алдабергенова 26 февр. 2026 11:18

Астана оқушылары қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Еске салайық,Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аяз болады, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады, кей жерлерде жауын-шашын көп жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейіп, көктайғақ байқалады. Республика бойынша тұман түседі.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove