Қазақстанда мұғалімдердің 71 пайызы жалақысына разы

Көркем Алдабергенова 27 февр. 2026 12:09

Қазақстан мұғалімдердің жалақысына қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі алдыңғы бестікке кірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің нәтижелері таныстырылды. Зерттеуге сәйкес, Қазақстанда педагогтердің 71 пайызы жалақысына қанағаттанатынын айтқан. Бұл көрсеткіш 2018 жылы небәрі 39 пайыз болған. Ал мұғалімдердің 95 пайызы өз жұмысына жалпы көңілі толатынын мәлімдеген.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай нәтижеге бірқатар жүйелі шаралар әсер еткен. Атап айтқанда, «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы, мұғалімдерге түсетін әкімшілік жүктеменің азаюы, еңбек демалысының ұлғаюы және жалақының кезең-кезеңімен өсуі білім беру саласындағы қысымды төмендетіп, мамандықтың беделін арттырған.

Сонымен қатар соңғы жылдары магистр дәрежесі бар педагогтердің үлесі үш есе артқаны айтылды. Министрлік бұл үрдіс білім сапасын арттыруға және мұғалім мамандығын кәсіби тұрғыда нығайтуға ықпал етіп отырғанын атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove