Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қандай?

Көркем Алдабергенова 27 февр. 2026 10:24

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түскен. Қазіргі уақытта 6 науқасты Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындық жүргізіліп жатыр.

"Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медициналық мамандар тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде", - дейді Ақмарал Әміренова. 

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. 

Салдарынан жеті адам қаза тапты. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove