Төртінші МӨЗ құрылысы 2027–2028 жылдары басталуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 27 февр. 2026 14:36

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) 2026 жылы салу жоспарда жоқ. Бұл туралы Ақорда кулуарында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, жоба қазір құжаттама әзірлеу кезеңінде және бұл айтарлықтай уақытты талап етеді.

"Бұл өте ұзақ процесс. Әңгіме қуаты 10 миллион тоннаға дейінгі зауыт туралы болып отыр. Егер Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасымен салыстырсақ, жобалық құжаттаманы дайындау шамамен екі жылға созылған. Сондықтан бұл жұмыс әлі де жалғасады", - деді Ақкенженов.

Ал құрылысты 2027–2028 жылдары бастау мүмкін бе деген нақты сұраққа министр қысқа ғана "Менің ойымша, иә" деп жауап берді. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove