Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

Көркем Алдабергенова 27 февр. 2026 13:31

Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов мәлімдеді. Оның сөзінше, жағдай дереу бақылауға алынып, жедел штабтың құрылған.

28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде.

Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі. Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды. Қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және алып жүру бойынша көмек көрсетілуде. 

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. 

Салдарынан жеті адам қаза тапты. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove