Сотталған бір адамға айына 88 мың теңге жұмсалса, бала күтіміндегі анаға көк тиын төленбейді

Dalanews 03 дек. 2021 03:34 880

ҚР Ішкі істер министрлігі берген ақпаратқа сенсек, бүгінде темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан 34 мың адам бар. Жыл сайын, олардың әр қайсысына, шамамен, 600 мың теңге кетеді, – деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұл абақтыда отырғандарға қатысты ақша. Осы ретте мына бір парадоксты байқауға болады. Елімізде бала күтімі бойынша жұмыс істемейтін әйелдерге ай сайын тұңғышы үшін 16 мың 802 теңге, екінші балаға 19 мың 865 теңге, үшінші балаға 22 мың 898 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға 25 мың 961 теңге беріледі.





Яғни, күніне бір балаға 560-865 теңге шығады. Анасына ештеңе төленбейді. Ал сотталған бір адамның тамағына күніне 1 мың 018 теңге жұмсалады. Екеуара айырмашылық – жер мен көктей.

Рекомендовать
Последние новости