Алтай Көлгінов елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қандай жағдайлар жасалып жатқанын айтты

Dalanews 03 дек. 2021 11:29 1077

Елордада оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай кеңейе түскен. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды оңалту үшін жағдай жасау жұмыстарын жүйелі негізде жүргізуде. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қолдау шаралары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

– Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту үшін жағдай жасауға ерекше назар аударамыз. Мысалы, биыл жазда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балабақшада педагогтермен қатар медицина қызметкерлері де балалармен айналысады. Бұл баланың физикалық, психикалық даму ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, баланың жеке басын жан-жақты қалыптастыру, балалардың мектепке дайындығын қамтамасыз ету. Мекемеде физиотерапия, логопед-дефектолог, офтальмолог кабинеттері бар, – деп атап өтті Алтай Көлгінов.



Қала аудандарында 29 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды, инватакси саны 2 есеге артқан. Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық орталықтар ашылуда.


Бұдан басқа, өткен жылы елордада БЦП, аутизм, Даун синдромы сынды диагноздары бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылып табысты жұмыс істеуде. Айталық, «Асыл Мирас» жаңа аутизм орталығы (Уәлиханов көшесі) аутистік спектрдің аурулары бар балаларды 50%-ға көбірек қамтуға мүмкіндік берген. Бұл жоба Б.Өтемұратов қорымен бірлесіп, жүзеге асырулыуда. Сол үйде тағы бір оңалту орталығы БЦП, аутизм диагнозы және басқа да бірқатар аурулары бар балалармен айналысады.



№ 1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» қолдауымен өткен жылдың күзінде «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл БЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Рекомендовать
Последние новости