Сот Шерзата Полаттың өліміне қатысты іс бойынша судьяны ауыстырудан бас тартты

Көркем Алдабергенова 28 мая 2025 18:10

Шерзат Полаттың өліміне байланысты резонансты іс бойынша суд төрағасы Ержан Жанұзақовты ауыстыру туралы адвокат Әбеновтің өтініші қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қорғау тарапының уәждері негізсіз деп танылды.

Сот қорғау тарапының судьяға сенімсіздік білдіру туралы уәждерін негізсіз деп танып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Судья іс қарауын қайта жалғастырады.

Осылайша, судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полатты өлтіру ісін қарауды жалғастырады. Іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Еске салайық, бұған дейін айыпталушының адвокаты судьяға қарсылық білдірген болатын. 28 мамыр күні түске дейінгі отырыста айыпталушы Абзал Шынасыл – Әбеновтың қорғаушысы іс жүргізіп отырған судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдірді. 

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі бұл туралы ресми түсініктеме берді:

– ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөліміне сәйкес, істі жеке қарап отырған судьяға қатысты қарсылық (отвод) сол соттың төрағасы немесе басқа судья арқылы қаралады. Осыған байланысты, талапты осы соттың судьясы Бейімбетов А.А. қарайды. Сот процесінің нақты уақыты қосымша хабарланады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушылардың адвокаттары прокурорға да қарсылық білдірген еді, алайда ол өтінішті сот қанағаттандырмаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости