Елімізде олимпиадалық резервтің 19 мамандандырылған мектеп-интернат колледжі жұмыс істейді. Оның 5-і республикалық, ал 14-і өңірлік.

2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша спорттық оқу орындарын 1200-ден астам жас түлек аяқтап, ұлттық құрама сапын толықтыруға дайын.

490 түлек республикалық оқу орындарын бітірді.

730-дан астамы – өңірлік мектептер мен колледждерден түлеп шықты.

Республикалық оқу орындары арасында түлектер саны бойынша көшбасшылар:

Алматы қаласындағы РМҚК «Республикалық олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі» – 129 түлек

К. Ахметов атындағы мектеп – 124 түлек

Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп – 99 түлек

Республикалық спорт колледжі – 93 түлек

Риддер қаласындағы мектеп – 45 түлек

Бұл көрсеткіш олимпиадалық резервті даярлау жүйесінің тұрақты әрі нәтижелі жұмысын көрсетеді. Қазақстан спорттық болашаққа, ең алдымен білім беру саласынан бастап, сенімді түрде инвестиция салуды жалғастырып келеді.