Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақтың сынықтары көрсетілді

Сағыныш Сардарова 30 июл. 2025 10:40

Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақтың сынықтары көрсетілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

25 шілдеде Алматы облысында жоғалып кеткен әскери тікұшақтың сынықтарының суреті жарияланды. EC-145 тікұшағының экипаж мүшелері бес күн бойы іздестіріліп жатыр.

Іздестіру операциясына 400-ден аса адам, кинологиялық топтар, 70-тен аса жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.


Рекомендовать
Последние новости