Солтүстіктің Ресеймен іргелес ауылдары қаңырап бос қалған

Dalanews 03 окт. 2017 04:43 849

Көп адамның растауынша солтүстіктің Ресеймен іргелес ауылдары(деревнялар) қаңырап бос қалған. Әсіресе Павлодар, Қостанай, Қызылжардың іргелес аудандарынан xалық жаппай шекара асуда.

Оңтүстіктен орын толтырар xалық әлі де бірлі жарым ғана. 
Қоғалы көлдер, құм, сулар, орманды тоғай, жазықтар бос жатыр. Ағайыншылыққа берік қазақ баласы жеке-жеке көшкісі жоқ. Ондаған "көшіру" жоспарлары әзірге нәтиже бермей жатыр немесе тым мардымсыз. 
Меніңше, ОҚО, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарынан көшем деген жұртты аудан ауданымен, ауыл ауылымен көшіру керек. Барған жерге бірден: 
1) үй, ауруxана, мектеп, әкімшілік пен тойxана сап беру керек(ауылдан). 
2) Сосын әрине жер. 
3) Жайылмалы және егінді. 
4) Ауылшаруашылық несиелер бәріне жаппай және азғантай болу керек. 
5) 10 жылға дейін(яғни бала мектеп бітіргенше), үй де, жер де көшіп келушінің меншігіне өтпеуі керек(қайта көшіп кету қауіпінің алдын алу үшін). 
6) сосын әрине тапқыр әкім, әділ сот пен прокурор, білікті мұғалім мен дәрігер болса болғаны, қазақ қыстауға қайта көшпейді. 

Енді осының бәріне ұтымды мысал бар ма? Ия бар. Жазда ШҚО-ның Ақсуатында болдық, су алып кеткен екі ауылды(Көкжыра мен Тастұма болу керек) әкім 40 шақырым ары көшіріп жоғарыдағының бәрін істеген. Халық ескі ауылға көшпейміз дейді. 
Енді осының бәріне тариxтан мысал бар ма? Ия бар. 

ХVІІІ ғасырдың басында жоңғарлар Ташкен мен Түркістанды басып алып қырдағы қазаққа баж салығын арттырған. Сонда Әбілқайыр xан мен Сәмеке xандар өз жұрттарын ертіп солтүстікке бірақ тартып, қыстауға(Сырдың орта ағысы) көшпеуге бекінген. Ресей патшалығы Орынбор(Кіші жүзге) мен Троицкіден(Орта жүзге) "меновой торг" ашып, біздің жұрт біржолата жайлауда қалып қойған. 
Ақыры кейін ол жерге мұжықтар келгенде қазақ жайлауын бермеді.

Дәурен Бабамұрат


Рекомендовать
Последние новости