"Адасқандардың" арасында бокстан, күрестен чемпион болған жігіттер жүр

Dalanews 03 окт. 2017 09:32 910

Қоғамда мектепте дұрыс тәрбие алмаған баланың теріс ағымдарға бейім екенін байқадық.

Жат ағымның жетегінде кеткендер арасында мектепте де, университетте де жақсы оқыған адамдар да бар. Кезінде ішімдік ішіп, есірткі тартып жүргендердің де балағын қысқартып, сақалын қауғадай қылып өсіріп алғанын көріп жүрміз. Біздің «Көркем әдебиетті қаншалықты білесің? Тарихты қаншалықты білесің?» деген сұрақтарымыз бар.
Кеше Тәжікстаннан келген бір кісімен сөйлестік, сөйтсек, тарихтан, әдебиеттен мүлдем хабарсыз. Мектепті ғана бітірген.

Негізінен бұлардың таным көкжиегі тар. Ой-өрісі кең адам алдымен ақылға салады. Балақты қысқарту жайлы хадис қанша ғасыр бұрын айтылса, дәл солай қабылдайды. Кез келген нәрсені қалай айтты, солай істейді. Өйткені ол ақылға сала алмайды. Ақылға салып ойланатын адам ондай ағымдардың ізінен еріп кетпейді. Мұның бәрі діни білімсіздіктен шығады. Бұған жоғары білім алмағандығы, қараңғылығы қосылады. Оның үстіне бұларда мақсат жоқ. Білімі бар бірен-саран жігіттер де кетіп жатыр.

Мысалы, бокстан чемпион, күрестен чемпион болған жігіттер бар араларында. Олар чемпиондарды «Біздің қатарымызда кім жүр, соған қара» деп көрсету үшін қосып алады. Ал чемпион не үшін, кімдерге қызмет жасап тұрғанын білмейді. Қазір уақытта «Нұр Мүбарак» университетінде «Әл-Азһарды» бітіріп келген ұстаздар дәріс беруде. Бұлардың мінез-құлқы, шәкірт тәрбиелеуге деген ынтасы керемет. Құдай қаласа, екі-үш жылда сол ұстаздардың шәкірттері бітіреді. Солар келіп қоғамды тазарта бастайды деп үміттенемін.

Мирхат Мадияров,


«Шаңырақ» діни кеңес беру, алдын алу және оңалту орталығының жетекшісі


Дереккөз: Заман Қазақстан газеті 


Рекомендовать
Последние новости