СІМ әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2026 15:01

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"ҚР азаматы Нұрлан Сабуров немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі ҚР елшілігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Оны ұстау туралы ақпарат Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан да түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров енді Ресейге 50 жыл бойы кіре алмайтыны хабарланды.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Ресейге кіруіне тыйым салынған Нұрлан Сабуров Алматыға ұшып келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove