Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылмақ

Сағыныш Сардарова 04 апр. 2026 17:30

Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл бағдарлама Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 10 мыңнан аса жасты қамтыған еді. Пәтерлерді ай сайын 5-15 мың теңгеге жалға алуға болатын.

Бағдарлама тоқтағанымен, жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық жобалар жалғасады. Қазір мақұлданған өтінімдердің 62%-ы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі.

Қазіргі жалға алушылар келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін пәтерде тұра береді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove