Ақтөбе облысында жоғалған бала бес күннен бері табылмай жатыр

Сағыныш Сардарова 04 апр. 2026 13:00

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында жоғалған бала бес күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы өңір полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарыжар ауылында жоғалған баланы іздестіру жұмыстары бес тәуліктен бері жалғасып жатыр. Іздестіруге полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, құтқарушылар (соның ішінде сүңгуірлер), кинологтар жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараттары, арнайы техника қолданылған. Іздеу жұмыстарына әскери қызметшілер мен жергілікті тұрғындар да тартылған.

"Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев жоғалған баланы іздестіруге жұмылдырылған жеке құрамға іздестіру тиімділігін арттыру бойынша нұсқау өткізіп, әрқайсына барынша мұқият болуды, ешбір күдікті детальді назардан тыс қалдырмауды және дереу баяндауды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 29 наурызда Сарыжар ауылында 2016 жылы туған бала жоғалды. Алдын ала мәлімет бойынша бала суға түсіп кетуі мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove