Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

Самал Асқар 03 апр. 2026 21:41

2026 жылғы 3 сәуірде Астана уақытымен сағат 21:13-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Dala News ТЖМ Сейсмология институтына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Сейсмикалық толқындар Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2 балл деңгейінде сезілді. Атап айтқанда, Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Отырар, Бәйдібек, Созақ, Сауран аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында байқалған.

Сондай-ақ Шымкент қаласында және Жамбыл облысының Тараз, Қордай, Мерке, Байзақ, Жуалы, Талас, Сарысу аудандарында да жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілген.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove