Қазақстан нарығына жаңа бренд келді: Алматыда Soueast көлігінің таныстырылымы өтті

Қаракөз Амантай 03 апр. 2026 16:23

Алматыда 2 сәуір күні Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Soueast бренді алғаш рет ресми таныстырылды. Іс-шараға журналистер, серіктестер мен сала өкілдері қатысып, жаңа брендтің бағыты мен мүмкіндіктерін бағамдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Soueast бренді ең алдымен отбасыға арналған, заманауи әрі жайлы кроссоверлер өндірушісі ретінде ұсынылды. Компания өкілдерінің айтуынша, басты назар – адамның күнделікті қажеттілігі мен өмір салтына бейімделген көлік ұсынуға бағытталған.

Soueast International компаниясының атқарушы вице-президенті Mr. Yan брендтің жаһандық дамуына тоқталды.

"Бүгінде Soueast көліктері әлемнің 48-ден астам елдері мен аймақтарында ұсынылған. Орталық Азияда да қарқынды дамып келеміз. Қазақстан нарығына үш негізгі S06, S07 және S09 үлгілерін алып келдік. Біздің мақсатымыз – тек көлік сату емес, тұрғындарға жайлы отбасылық сапарларға арналған жаңа әрі сенімді шешімдер ұсыну", – деді ол.

Жаңа брендтің көліктері Қостанай қаласындағы Allur зауытында құрастырылмақ. Бұл кәсіпорын Қазақстандағы ірі автомобиль өндірушілердің бірі саналады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 125 мың көлікке дейін жетеді.

Allur компаниясының президенті Оксана Холстинина бұл жобаның индустрия үшін маңызын атап өтті.

"Soueast өндірісінің іске қосылуы – серіктестіктің жаңа кезеңі. Біз жергілікті өндірісті күшейтіп, инженерлік әлеуетті дамытуға және халықаралық стандарттарға сай өнім шығаруға басымдық беріп отырмыз", - деді ол.


Іс-шара классикалық форматтан бөлек, интерактивті аймақтар мен ерекше таныстыру тәсілдері арқылы өтті. Қонақтар бренд концепциясымен жақынырақ танысып, көліктерді тәжірибе жүзінде бағалауға мүмкіндік алды.

Таныстырылым аясында үш негізгі модель ұсынылды:

- Soueast S06 – заманауи дизайн мен динамиканы үйлестірген кроссовер. Бағасы 11,69 млн теңгеден басталады;

Soueast S07 – қала мен отбасы үшін әмбебап шешім. Бағасы 13,99 млн теңге;

Soueast S09 – 7 орындық, жоғары жайлылық деңгейіндегі флагман модель. Бағасы 13,99 млн теңгеден басталады.

Барлық модель 1.6 және 2.0 литрлік турбоқозғалтқыштармен, толық жетек жүйесімен (4WD), 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған. Сондай-ақ қауіпсіздік пен жайлылыққа ерекше көңіл бөлінген.

Компанияның мәліметінше, жақын уақытта Қазақстанның 10 қаласында 14 дилерлік орталық ашу жоспарланып отыр. Көліктерге 5 жыл немесе 200 мың шақырымға дейін кепілдік беріледі.

Soueast бренді Қазақстан нарығында жергілікті өндіріс пен сапаға сүйене отырып, отбасылық құндылықтарға бағытталған әмбебап көліктер ұсынуды көздейді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove