Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойылуы мүмкін

Қаракөз Амантай 03 апр. 2026 16:58

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруін шектеу мәселесі көтерілді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, бұл бағыттағы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Мәселе әзірге жан-жақты сараптау кезеңінде қарастырылып жатыр. Яғни, халықаралық тәжірибе мен қоғам пікірі ескеріліп, түрлі нұсқа зерделенуде.

Жаслан Мәдиев бірқатар елдерде енгізіліп жатқан шектеулерге назар аударды. Оның сөзінше, мысалы, Австралияда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынған. Ал Еуропа елдері, соның ішінде Франция да осыған ұқсас шараларды қолға алуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар министр ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Ол балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін смартфондардағы "ата-ана бақылауы" функциясын белсенді қолдануға кеңес берді.

Жалпы, бұл бастама балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove