Шымкентте олигархтардан қайтарылған ақшаға жатақхана салынды

Көркем Алдабергенова 03 апр. 2026 16:24

Шымкентте заңсыз шығарылған актив есебінен балалар оқитын мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне арналған заманауи жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін ерекше білім беру қажеттіліктері бар (медициналық көрсеткіштері бойынша) балалар оқитын мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне арналған заманауи жатақхана пайдалануға берілді.

Бас прокурор Берік Асыловтың сөзінше, бұғаг дейін олардың жағдайы мүлдем қолайсыз болған: 1975 жылы салынған ғимарат, орын тапшылығы, инфрақұрылымның тозуы.

Нормасы 125 орын болғанымен, онда 290 бала тұрған. Жаңа жатақхананың жалпы ауданы 8288,70 м², 300 орынға арналған және толықтай заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Жалпы аумағы 3,5 гектар жер учаскесінде футбол алаңы (800 м²), воркаут аймағы, ойын алаңдары (450 м²) және демалыс аймақтары (200 м²) қарастырылған.

Ғимараттың ішінде ұлдар мен қыздарға арналған бөлек тұрғын блоктар, жабдықталған медициналық бөлім, кең ойын бөлмелері, сондай-ақ тәрбиеленушілер үшін қолайлы, дамытушы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған басқа да функционалдық бөлмелер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл жобаға қайтарылған қаражаттар мен қайтарылған мүлікті сатудан түскен қаражаттар жинақталған Арнаулы мемлекеттік қордан 2,6 млрд теңге бөлінді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove