Атырауда полиция қызметкерін балағаттаған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 90 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Dala News.
Сот мәліметінше, 2026 жылғы 31 наурызда азаматша Л. алкогольдік мас күйде полиция қызметкеріне қатысты бейәдеп сөздер айтып, оған құрметсіздік танытқан.
Әйелдің кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, жауап алу хаттамасымен және бейнежазбамен дәлелденген.
Сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш (МРП) көлемінде айыппұл салынған. Алайда оның жеке жағдайы, материалдық ахуалы және кәмелетке толмаған баласының бар екені ескеріліп, айыппұл 30%-ға қысқартылып, 90 825 теңге болып белгіленді.
Аталған бап бойынша 30 МРП көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
