Алматыда ғылыми институт 900 млн теңгеге жуық қаржы төлеуге міндеттелді

Қаракөз Амантай 03 апр. 2026 14:34

Алматыда құрылыс және сәулет саласындағы ғылыми-зерттеу институты бюджетке келтірілген залал үшін сот шешімімен 894 млн теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокуратура Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының қызметін тексеру барысында қаржылық заңбұзушылықтарды анықтаған. Анықталған деректер негізінде сот ұйымнан 894 млн теңге көлеміндегі берешекті және 26 млн теңгеден астам мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Қадағалау органының мәліметінше, заңбұзушылықтар нысандарды паспортизациялау процесімен байланысты болған. Соның салдарынан мемлекетке айтарлықтай қаржылық шығын келтірілген.

Сот шешімі заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove