Қырымда жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Су-30 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Dala News.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға Мәскеу уақыты бойынша шамамен 11:00-де болған. Ұшақ қару-жарақсыз ұшқан.
Апат кезінде экипаж катапульт жасап, құтқару тобы арқылы эвакуацияланған. Ведомство олардың өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді.
