Электронды құжат айналымы платформасы бойынша қате шешімдерден мемлекет 1,5 млрд теңге үнемдей алмаған

Қаракөз Амантай 03 апр. 2026 10:17

2024–2025 жылдары "IPESOFT Kazakhstan" компаниясы мемлекеттік сатып алуларда үш рет жеңіске жетіп, төмен баға ұсынып, барлық тексерістен өткен. Алайда әр жолы түрлі себеппен процесс аяқсыз қалған, деп жазды Dalanews.kz QUMASH-ке сілтеме жасап.

Арнаның жазуынша, алдымен келісімшарт "ЭЦҚ жоқ"  деген уәжбен біржақты тәртіппен бұзылған. Кейін сот бұл функцияның болғанын анықтады, ал мәселе компанияға демонстрация өткізу үшін қажетті қолжетімділіктер берілмегенінен туындағаны белгілі болды. Бұл бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берер еді. Бірақ өкінішке қарай, ақша үнемдеуге мүмкіндік берілмеді. Одан кейін компания қайтадан конкурсты ұтқанымен, "қаржыландырудың өзгеруіне" байланысты келісімшарт жасалмаған. Осы жағдай бірнеше рет қайталанған.

"2024 жылдың наурыз айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да (НИТ) өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда тергеу бір жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде алға жылжымаған. Нәтижесінде мемлекет Documentolog жүйесіне көшті, ол «сыйлық» ретінде берілгені айтылды. Бірақ мұнда бір маңызды жайт бар: бұл жүйені қызмет көрсету және дамыту құқығы тек оның әзірлеушісінің қолында. Яғни, біз алдағы жылдарға бір ғана жеткізушіге тәуелді болып қалдық", - деп жазады, QUMASH телеграм-арнасы.

Олардың пікірінше, бұрын бұл жүйені 17 млрд теңгеге сатып алу жоспарланған болса, енді шығындар оны тұрақты түрде сүйемелдеуге жұмсалады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove