Алматыда жылыту маусымы аяқтала бастады

Самал Асқар 03 апр. 2026 21:06

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу беру кезең-кезеңімен тоқтатылып жатыр, деп хабарлайды Dala News.

Бұл шешім ауа райының жылынуына байланысты қабылданған. Қалада сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн қатарынан +8 градустан жоғары деңгейде сақталған.

Жылу жүйесін өшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен әкімшілік ғимараттарда жылу тоқтатылады, кейін тұрғын үйлерге, ал ең соңында әлеуметтік нысандарға, яғни мектептер, балабақшалар мен ауруханаларға берілуі тоқтайды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove