Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Көркем Алдабергенова 02 апр. 2026 10:02

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бостандыққа шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл ақпаратты редакция тілшісіне ҚАЖК өкілдері растады. 

"Аталған сотталған тұлға сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтегеніне байланысты босатылды",- делінген ҚАЖК жауабында. 

Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын колонияда өтейтіні туралы жазған едік.

Алматы қалалық соты оның апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Былтыр 21 қазанда сот пробациялық режимді бұзған Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасын 1 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған болатын.

Ол жазасының қалған мерзімін – бір жарым жылдан аз уақытты – қауіпсіздігі орташа колонияда өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған. Бұл оқиға 2025 жылы 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Дмитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove