Бүгін Бекзат Саттарханов тірі болғанда 46 жасқа толар еді

Сағыныш Сардарова 04 апр. 2026 16:00

4 сәуір - Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов дүниеге келген күн. Ол 20 жасында Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған. Алайда жұлдыздай жарқ етіп, ерте өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Спортшы 1980 жылы 4 сәуірде Түркістанда өмірге келген. Мектепті бітірген соң Х. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түскен. 1998 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында екінші орынға ие болған. Сол жылы ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде алған.

1999 жылы Бекзат Саттархановқа Ташкентте өткен Орталық Азия жарысында екінші орын берілді, кейін ол Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол Орталық Азия елдері чемпионатын жеңіп алды.

2000 жылы боксшы Гран-при кубогында жеңіске жетті. Сол жылы Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарында да 57 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда ол АҚШ спортшысы Рикардо Хуареспен жұдырықтасты.

2000 жылы 31 желтоқсанда Бекзат Саттарханов сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы Шубаровка ауылы маңында жол апатынан қаза тапты. Ол Түркістаннан Шымкентке жеке көлігімен бара жатқан. Шымкентте оның құрметіне Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі ашылған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove