Сабуров Ресейден Қазақстанға ұшып келмек

Сағыныш Сардарова 06 ақп. 2026 14:29

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Ресейге кіруіне тыйым салынған Нұрлан Сабуров Алматыға ұшып келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басылым дерегіне сүйенсек, Мәскеудегі Внуково әуежайында паспорттық бақылау кезінде болған жағдайдан кейін Нұрлан Сабуров Дубайға тегін депортациядан бас тартқан. Дереккөздердің айтуынша, ұшу үшін кісен тағу талабы қойылған. Соның салдарынан ол Қазақстанға билетті өз бетінше сатып алған көрінеді.

Mash мәліметіне сүйенсек, Сабуров Мәскеуге БАӘ-ден бизнес-класпен ұшып келген. Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы хабарланған соң ол бірнеше рет депортация мәселесін нақтылаған. Кейін Дубайға кері билетке қаражаты жоқ екенін айтқан. Дереккөздің мәлімдеуінше, депортация шарттары түсіндірілгеннен кейін ол ақша тауып, Алматыға билет сатып алған. Ең жақын рейс түстен кейінгі уақытқа жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров енді Ресейге 50 жыл бойы кіре алмайтыны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove