ШҚО колледждері бүгінгі заман талабына сай ма?

Dalanews 22 нояб. 2019 13:17 754

Бұл сұраққа Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингіде облыс әкімі Даниал Ахметов жауап берді.

Оның айтып өткеніндей өңірлік колледждерде болашаққа сұранысқа ие болатын мамандар даярлануда. Мәселен, биыл техникалық мамандықты таңдаған түлектердің саны басым болған.

"Аймақтағы сұранысқа ие 100 мамандықтың 65-сі техникалық және кәсіптік білім беру саласының мамандары екенін анықтадық.

Шығыс түлектерінің ІТ саласына, 3D модельдеу және бағдарламалау бағытына, инженерлік іске, сәулет және жобалау өнеріне, графикалық дизаин жұмысына қызығушылығы зор.


Қазіргі бәсекелестік дәуірінде жастардың жаңа технологиялардың тілін меңгергені маңызды. Осы себепті де аймағымызда техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын дамытудың жоспарын құрдық", – дейді Даниал Ахметов.

Айтуынша биыл өңірдегі 14 колледждің кабинеттері қайта жабдықталған. Келешек жас мамандар білім мен тәжірибені ұштастыру үшін өндіріс орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істелуде.


"Семейдегі Электротехникалық колледж бен Өскемендегі политехникалық колледждің базасында ІТ-бағыттағы орталықтар аштық. Бүған бюджеттен 398 млн теңге қаражат бөлінді. Жаңа технологияны жетік меңгерген жастарды әркезде қолдауға әзірміз", – деді ШҚО әкімі.


Рекомендовать
Последние новости