Made in Kazakhstan. Шығыс Қазақстан соя мен жүгеріні Қытайға экспорттайды

Dalanews 22 нояб. 2019 13:35 1195

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

"Өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде басты бағдар мал шаруашылығы саласына беріліп отыр. Бұл республикадағы ауыл шаруашылығы көрсеткішінің 62,3 пайызын құрайды. Сонымен қатар біздің аймақ ел көлемінде бал және күнбағыс майын өндіру бойынша  бірінші орында, ет өндіру бойынша екінші орынды иеленіп отыр.

Соңғы жылдары өсімдік шаруашылығын экспорттауға басымдық берудеміз. Соның ішінде сояны экспортқа шығару ісін жолға қойдық", – дейді Даниал Ахметов.

Экономистер дерегінше Қытайда сояның тоннасы 97 млн теңгеге (60 млрд АҚШ доллары) бағаланады екен. 



Өз кезегінде Шығыс Қазақстан Қытаймен іргелес жатқандықтан сояны экспорттауға үлкен мүмкіндік алып отыр.

Бұдан сырт жыл сайын Қытайға 3 млн-ға жуық жүгері тасымалданады. Көршінің ішкі нарығындағы сұранысты өтеу үшін өңірде келер жылдан бастап 10,2 мың гектар жерге жүгері егілмек.

- Соя мен жүгері көлемін арттыру мақсатында жоспар құрдық. Бұған сәйкес 2024 жылы егіс алқабы 4,2 есеге артады. Соның нәтижесінде 6,5-тен 13 мың гектарға дейінгі аумаққа өнім егіледі. Немесе 5,5-тен 30 мың тоннаға дейін, экспорт көлемі 10 есеге артады. Ал өнім 1,5-тен 15 мың тоннаға дейін көбейеді. Жалпы алғанда соя мен жүгері егу аймағымыз үшін ғана емес, ел үшін стратегиялық маңызы бар, - деді өз сөзінде Даниал Ахметов.



Рекомендовать
Последние новости