ШҚО-да соңғы 5 жылда 38 сүт фермасы салынған

Dalanews 22 дек. 2021 15:36 708

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен бірқатар жылдар бойы сүт саласын дамытудың кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

Сүт фермалары салынып, жұмыс істеп тұрғандары жөндеуден өтіп, өнімнің қуаттылығы артып, болашақта еліміз ішіндегі өткізу нарықтарын кеңейту, экспорт көлемін арттырмақ.

Соңғы бес жыл ішінде өңірде 9 мың бас сауын табынына арналған 38 сүт-тауар фермасы салынып, реконструкцияланды, сүт қабылдайтын 70 пункт ашылды.

Инвестициялар көлемі артып, халықтан сатып алу көлемі ұлғайды. Сүт өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы үш есеге жуық артты.

2015 жылдан бастап өсім 29-дан 96 пайызға дейін өсті. Және әлемдік стандарттарға баса назар аударып, шикізаттың қышқылдылығын азайтып, өндірісті заманауи технологияларға сәйкестендіру жүзеге асуда. Нәтижесінде сүт өнімдерін Қазақстанның басқа аймақтарына ғана емес, көрші елдерге де экспорттауға мүмкіндік тумақ.

Сүт құрамы мен табиғи құрылымы бойынша жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін тамақтандыратын ерекше өнім болып табылады. Оны жеу ерте жаста барлық аурулардан керемет иммунитетті қамтамасыз етеді. "Ыстық цехтар" мен қызметкерлердің денсаулығына зиянды өндіріс шоғырлануының едәуір үлесі бар Шығыс Қазақстан Облысы үшін сүт міндетті түрде барлық қызметкерлердің мәзіріне кіруі тиіс.

Рекомендовать
Последние новости