ШҚО-да шенеуніктің ұсталғаны расталды

Көркем Алдабергенова 17 июл. 2024 14:22 2092

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми мәлімет бойынша, соталды тергеу аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы ұсталған.

"Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпаратты қосымша хабарлаймыз", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.


Рекомендовать
Последние новости