СҚО полицейлері сирек кездесетін қаруды заңсыз сақтаған азаматты ұстады

Қаракөз Амантай 11 июл. 2024 12:05 2694

СҚО полицейлері сирек кездесетін қаруды заңсыз сақтаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне атыс қаруын заңсыз сақтайтын облыс орталығының тұрғыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

9 шілдеде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тергеу іс-қимылдары барысында оның үйі мен гаражының жертөлесінен Шпагина пулеметі, Мосин мылтығының пышағы, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, 11 бірлік түрлі оқ-дәрі, 8 пышақ тәркіленді.


Атыс және суық қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости