Қорғаныс экс-министрі ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды

Қаракөз Амантай 04 июл. 2024 15:57 2606

Қазақстанның өкілі, бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұндай шешім бүгін елордада өткен саммитте қабылданды.

Еске салсақ, Ермекбаев 2021 жылы Тараз маңындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Бұған дейін атқарған қызметтері:

Осы жылдар ішінде ол сыртқы экономикалық ұйымдарда, соның ішінде шетелде жұмыс істеді;

"Юнитэк ЛТД" бас директоры;

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы уақытша сенімді өкілі;

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі;

Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі;

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Қазірге дейін ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды.


Рекомендовать
Последние новости