Шымкентте өзін өртеген адам туралы жаңа дерек пайда болды (фото, видео)

Dalanews 23 дек. 2016 04:21 838

Шымкентте өзін өртеген ер адам туралы жаңа деректер пайда болды. «Отырар» арнасының хабарлауынша, өзін өртеген ер адам «Кайтпас-1» ықшамауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізген «Саят-жан»фирмасының директоры Нұркен Айнабеков (суретте). Ол алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. 

Бұл туралы kaz.tengrinews.kz хабарлап отыр.

Өзін өртеуден бір күн бұрын Айнабеков баспасөз мәслихаты кезінде банкрот алдында тұрғанын айтқан.

«2010 жылы әкім аппаратының шаруашылық басқармасы «Кайтпас-1» ықшамауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізуге тендер ұтып алған болатын. Ол кезде басқармада құрылыс жүргізу үшін не адам, не техника болмады, сондықтан шенеуніктер құрылысты біздің «Саят-Жан» ЖШС-на берді. Келісімшарт бойынша бізге 28 миллион 600 мың теңге аудару керек болған, бірақ жұмыс барысында құрылыстың шынайы құны 34 миллионға шығатыны белгілі болды. Біз тапсырыс берушіге ақша қоссын деп өтініш білдірдік, оған олар бұрынғы нөмір және сол мерзім бойынша 26 миллионға тағы бір келісімшарт жасасайық деп ұсынды», — деген екен журналистерге Нұркен Айнабеков баспасөз мәслихаты кезінде. Ол осы жағдай үшін үлкен шығынға батқанын қоса айтты.

Ал прокуратура мәліметі бойынша, бүгін, 22 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында ОҚО прокуратурасы ғимаратының алдында азамат Нұркен Айнабеков ешқандай талап қоймастан, өзімен бірге алып келген жанар-жағармайды денесіне құйып, жағып жіберген.

«Маңайдағы адамдар дереу көмек беріп, отты сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, Н.Айнабеков өзіне қатысты қозғалған қылмысты іс бойынша ПБ-нің іс-әрекетіне наразылығын білдірген. Оның үстінен қылмысты кодекстің 4 бабы бойынша (алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, жала жабу, сөз тасу, т.б) іс қозғалған.

2016 жылдың 18 қарашасында Әл-Фараби ауданы прокуратурасымен Айнабековке қатысты қылмысты іс айыптау актісімен сотқа жолданған. 2016 жылдын 12 желтоқсанда бірінші сот процесі өтті. Дегенмен, сотталушы Айнабековтың қорғаушысының сотқа келмеуіне байланысты сот отырысы 22 желтоқсанда, сағат 15:00-ге тағайындалған. Қазіргі таңда Айнабеков ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады», — дейді прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, 46 жастағы ер адам Шымкенттегі прокуратураның алдында өзін өртеп, салдарынан денесін 40 пайыз күйік шалған. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

https://youtu.be/n4HVvARVbj4

 

Рекомендовать
Последние новости