Әлиханның атын беруге қарсымыз

Dalanews 23 дек. 2016 09:44 917




Құрамында 10 мүшесі бар «Сарыарқа» пікірталас клубы Қарағандыдағы көше аттарының өзгеруіне қарсылық білдірді. Пікірталас клубының мүшесі Юрий Мирзоев Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібековтың Ә.Бөкейхановтың атын Октябрь ауданына беру туралы ұсынысына қарсымын дейді.







Бұл жайында Baq.kz хабарлайды.


 Бүгін «Сарыарқа» пікірталас клубының мүшелері жиналып, көше аттарының ғана емес Октябрь ауданының Әлихан Бөкейхановтың атымен аталуына да қарсылық білдірді. Құрамында оншақты мүшесі бар клубтың тек 3-уі ғана қатысқан жиналысқа сонымен қатар қала тұрғындары, тарихшылар атсалысты. Пікірлері қарама-қарсы екі топ көше аттарының өзгеруінің дұрыс не бұрыстығын дәлелдемекші болып қырық пышақ болды.


«Көше аттарын өзгертуге кеткен қаржы одан да тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалсын деген пікірдемін. Зейнеткерлердің зейнетақасы шайлығына жетпейтін уақытта қаншама қаржы жұмсап, көше аттарын өзгерту дұрыс емес. Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібековтың Ә.Бөкейхановтың атын Октябрь ауданына беру туралы ұсынысына қарсымын», - дейді қоғам белсендісі Ю.Мирзоев.

«Әлиханның атын Октябрь ауданына беру қажет деп санаймын. Ел басына күн туған 1937 жылы қазақ халқының, осы аймақтың болашағын ойлаған 25 мыңға тарта азаматын атып тастады. Оның ішіндегі басшысы осы Әлихан Бөкейханов болатын. Ал «Октябрь» бізге не әкелді?», - дейді қала тұрғыны Жексен Әбдірахманов.

Жиналғандардың көпшілігінің тарихты толықтай білмейтіндігін байқадық. Олар тіпті қаладағы «Асфальтная», «Приканальная» сияқты көшелердің де атын өзгертуге қарсылық білдіруде.
«Бұл біздің тарих. Көшелердің аты өзгермесін. Октябрь ауданының да атын өзгертуге қарсымыз. Әлихан да Мәскеуге, Ленинге барған екен. Сонда ол да коммунист болған шығар. Онда несіне өзгертеміз. Осы коммунистік атаулар тұра берсін», - дейді Октябрь ауданының тұрғыны Лидия Маргачева.




Рекомендовать
Последние новости