Шығыстағы есту қабілеті нашар балалар есту аппаратымен қамтамасыз етіледі

Dalanews 21 нояб. 2019 13:52 1053

ШҚО тұрғындарын қабылдаған облыс әкімі жауапты басқармаға осындай тапсырма берді. 

Әкімнің қабылдауына келген есту қабілеті нашар баланың анасы Назгүл Жәкенова өңірде балаларға арналған есту аппараттары тапшы әрі қымбат екенін айтып мұңын шақты.

Қызы Мәриям қазір есту аппартының көмегімен жүреді. Мектепке барады, сурет өнерімен айналысады.


- Облыста құлағы нашар еститін балалар арнайы аппараттармен қамтамасыз етіледі. Алайда олар балаларға арналмаған, ыңғайсыз және оны дәрігерлердің өздері де біледі. Себебі әр баланың есту деңгейі әртүрлі, -дейді Назгүл Жәкенова.

Ал қазіргі уақытта арнайы әр баланың жағдайына қарай түзеп, ыңғайлы қолданылатын цифрлы аппараттар бар.


Алайда өңір балалары ол құрылғыға қол жеткізе алмай отыр. Өйткені қымбат.

Облыс əкімі Даниал Ахметов азаматтарды қабылдаған кезде денсаулық сақтау басқармасының басшысына осы мəселеге байланысты тапсырма берді.

Осы орайда бір айдың ішінде облыстағы есту қабілеті нашар балалардың барлығын тексеруден өткізіп, жалпы санын анықтау тапсырылды.


- Аппарат 800 мың немесе 80 мың тұрса да, әрқайсысына арнап сатып аламыз,- деді Даниал Ахметов.

Алдағы 2-3 жылда аймақтың құлағы нашар еститін балалары қажетті есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі.


Рекомендовать
Последние новости