Отаншыл, елге жанашыр азаматтар партия жұмысына тартылады

Dalanews 28 нояб. 2019 02:31 768

 

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне жастар мен әйелдер және белсенді азаматтар тартылады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының активінде белгілі болды.

Маңызды жиынға облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық жасап, жүргізіп отырды. Актив отырысында 2019 жылдың 25 қарашасында Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың  төрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесу барысында жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Елбасы қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп басып, партияға маңызды тапсырмалар жүктегенін айтты. Өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Оның айтуынша, жыл басынан бері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары – фракция мүшелері түрлі мәселелер бойынша биыл 10 айда 637 жеке қабылдау жүргізіп,  1241 азаматтың мәселелері қаралған. 10 айда партия филиалдарының 17 қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7047 арыз түсіп, оның 3297-і (46,7%) оңтайлы шешілген.

«Қабылдауларда басшылар тарапынан көзбояушылық пен сырғытпа жауапқа жол берілмеуі үшін әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы көрсетілуде. Осы жұмыстар нәтижесінде тұрғындардың партияға сенімі арта түсті деуге болады.

Партияның кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеу пилоттық жобасы бойынша Түлкібас ауданы республикада алдыңғы қатардан көрінді. Бұл жобаны барлық аудан, қалаларда өткізуді жоспарлап отырмыз.

Биыл 10 айда 637 жеке қабылдау жүргізіп,  1241 азаматтың мәселелері қаралған. 10 айда партия филиалдарының 17 қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7047 арыз түсіп, оның 3297-і (46,7%) оңтайлы шешілген.


Осы арқылы біз қарапайым елдің арасынан мемлекетке шынайы жанашыр, отаншыл, белсенді азаматтарды қатарымызға қосып, мәслихаттарға ұсынамыз. Партия төрағасы осындай міндет жүктеп отыр», – деген ол депутаттар мен басшылардың жауапкершілігін көтеру жөнінде де ұсыныстарын айтты.

Жиында Түркістан облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиевтің баяндамасы тыңдалды.

Сонымен бірге жарыссөзге шыққан «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі Мұрат Төлтебаев, Түлкібас аудандық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Фарида Пралиева және «Кентау трансформатор зауыты» бастауыш партия ұйымының төрағасы Хайрулла Қожабаев та пікірлерін айтып, партияны жаңғырту бағытындағы жұмыстарды қолдайтындарын жеткізді.

Актив отырысын облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қортындылады. Ол Елбасы,  «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінде берілген тапсырмалары бойынша жұмыс күшейетінін мәлімдеді. Партияны қайта жаңғырту бағытында елге жанашыр, нағыз көшбасшы азаматтарға мүмкіндік берілетінін айтты.

«Партиялық праймеризді түсіндіру және дайындық жұмыстары бойынша семинарлар өткізілсін. Нақты жергілікті мәселелерді есепке ала отырып, сайлауалды бағдарламаның жобасы әзірленуі тиіс. Партия филиалы партиялық кадрлық резерв құрамын жаңа талаптарға сай жасақтап, 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынсын.

Жаңа тізімде әйелдердің үлесі 30 пайыздан, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Сонымен қатар қоғамның белсенді өкілдері де резервке алынсын. Партияның жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестері, бақылау комиисиялары жұмысты ширатсын.

Қоғамдық қабылдауларда басшылар тарапынан көзбояушылық пен сырғытпа жауапқа жол берілмеуі үшін әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы көрсетілуде. Осы жұмыстар нәтижесінде тұрғындардың партияға сенімі арта түсті деуге болады.


Партияны қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасады», – деген облыс әкімі Арысты қалпына келтіруде, Түркістанды түлетуде барша аудан, қала  әкімдіктері жұмыла жұмыс істегеніне алғыс білдірді.

Елбасының Түркістанға деген  ықыласы мен қамқорлығы айрықша екеніне тоқталды. Жиын соңында жұртшылықты ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Осы мерекеге орай, бір топ азаматқа Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысхатын, ал жаңадан қабылданған 4 азаматқа партия билетін тапсырды.

 

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз

 

Рекомендовать
Последние новости