Шығыста сайлау учаскелеріне халық отбасымен келіп дауыс беруде

Dalanews 19 мар. 2023 06:52 681

Отбасылық кәсіби династияларда өздерінің жылдар бойы жинақталған тәжірибелерін, алған білімдері мен шеберлік құпияларымен ғана бөлісіп қоймайды.

Жас ұрпақ ата-аналары мен туыстарының ізімен жүруге шешім қабылдаған ерекше жол. Бұл тек мамандық таңдауда ғана емес, сонымен бірге өз еліне деген сүйіспеншілікте, республиканың әрбір азаматының оның болашағы үшін жауапкершілігін түсінуде көрінеді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде  отбасыларымен, әулеттерімен сайлауға барып жатқанын атап өту керек.

Риддер қаласындағы  №144 сайлау учаскесінде Гусляковтардың еңбек әулеті дауыс берді. Үш ұрпақ Қазцинк ЖШС кәсіпорындарында еңбек етті және әлі де еңбек етуде. Евгений Николаевичтің өзі "Казцинкмаш" ЖШС-де, оның жұбайы Риддер металлургия кешенінде жұмыс істейді. Аға буын, ата-аналар, "Казцинкмаш" ЖШС-де жұмыс істеді. Қазір олар лайықты демалыста. Евгений Николаевичтің ұлы Риддер-Сокольный кенішінде еңбек етуде. Міне Гусляковтардай тату отбасы азаматтық борышын өтеуге келді.

Алтай ауданынан келген Наталья Семеновна мен Владимир Юрьевич Колесниковтар өздерін бақытты адамдар деп санайды, өйткені олар өмірлік кәсіптерін тапты. Оларды өз ісіне ғашық мамандар деп атауға болады. Олар өздерінің еңбектегі тәртіптерін, патриотизмдері мен жауапкершіліктерін бүгін  көрсете алды.

– Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде біз өз еліміздің болашағы үшін дауыс беруге келдік. Мұны біз Қазақстанның болашағына қосқан үлесіміз деп санаймыз, – деді Наталья Семеновна.


Сафроновтар отбасы да сайлауға бір адамдай келді:

– Дауыс беру – азаматтардың осы немесе басқа мәселе бойынша өз пікірлерін білдірудің дәстүрлі тәсілдерінің бірі. Бұл азаматтар үшін азаматтық белсенділік танытудың тамаша мүмкіндігі. Біз балаларымыздың болашағы үшін дауыс береміз, – дейді олар.

Интернационалдық отбасы – бұл көпұлтты Қазақстанның кішірейтілген моделі, ел халқының бірлігі мен келісімінің үлгісі.

– Бізде әркім өзге ұлттың дәстүрлерін құрметтейді. Барлық отбасылар өзінше бірегей, бірақ бізді Отанымызға деген сүйіспеншілік, балаларымыздың болашағына деген жауапкершілік біріктіреді, – деп қосты Артамонов Иван мен Сүлейменова Гүлнараның отбасы.

Олар сайлауда өз дауыстарын беріп, бүгінгі тарихи оқиғаға әркімнің қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости