Шығысқазақстандықтар Олимпиада чемпиондарына құрмет көрсетті

Dalanews 03 сент. 2016 01:39 941

Шығыс Қазақстан облыс тұрғындары әуежайдан Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, ел намысын қорғаған жерлес спортшыларын қарсы алды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жерлестері атынан Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі мен 50 мың АҚШ долларын сыйға тартты. Ауыр атлетші Денис Улановқа екі бөлмелі пәтер кілтін табыс етті.

#dalanews danial_akhmetov_olga_ripakovaРиода өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының үш қарғып секіруден қола жүлдегері Ольга Рыпаковамен бірге ауыр атлетші Денис Уланов, диск лақтырушы Евгений Лабутов, жеңіл атлетші Ирина Смольникова, 400 метр қашықтыққа жүгіруден жеңіл атлетші Элина Михина мен байдаркада жекелей есуде өнер көрсеткен Екатерина Смирнова келді.

Бүгін Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аясында Рио қаласында өткен Олимпиада ойындарының қатысушылары марапатталды.

Шығысқазақстандық өзге спортшыларға – диск лақтырушы Евгений Лабутовқа, марафондық қашықтыққа жүгіретін жеңіл атлетші Ирина Смольниковаға, 400 м жүгіруден жеңіл атлетші Элина Михинаға және ескек есуден Екатерина Смирноваға облыс әкімінің жылдық шәкіртақысы табыс етілді.

Даңқты спортшыларды жанкүйерлер атынан ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.

– Ольга Рыпакова – Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, Қазақстан атынан жеңіл атлетикадан жүлделі болған жалғыз спортшы. Елбасымыз айтып өткендей, Ольга Рыпакова тек спортшы ғана емес, сонымен қатар ол батыр ана, – деді Жақсылық Омар.

Өз кезегінде Ольга Рыпакова жанкүйерлеріне көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

– Риода өткен Олимпиададан кейін мен тағы бір жарысқа өнер көрсетуге аттанып кеттім. Сондықтан, екі сайыстан кейін Шығыс Қазақстанға, Өскеменге жету мен үшін үлкен қуаныш. Әр күн сайын әлеуметтік желілерде қолдау мен тілек білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздердің қолдауларыңызсыз біздің жетістігіміз де болмас еді, – деді Ольга Рыпакова.

Рекомендовать
Последние новости