“Шығыс салбурыны”: Нұрасыл – бес жасар бүркітші

Dalanews 11 окт. 2024 12:16 3712

“Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалінің ең жас қатысушысы – Нұрасыл Бақытбекұлы. Оның жасы бесте. Соған қарамастан, бүркіт пен ителгіні қолға шақыру сайысына қатысып, бағын сынауда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Маған құс баптау ұнайды. Биыл “Шығыс салбурыны” фестиваліне бірінші рет қатысып отырмын. Мен құсты ұшыра аламын, шақыра аламын, ұстай аламын және осы құстармен аңшылыққа да шығамын”, - деді “Шығыс салбурыны” фестивалінің ең жас қатысушысы Нұрасыл Бақытбекұлы.


Рекомендовать
Последние новости