Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеу жүргізілмей жатыр - адвокат

Қаракөз Амантай 10 окт. 2024 14:05 4873

Адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желіде Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіні іздестіріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Адвокаттың айтуынша, тергеу барысы тоқтап қалған және соңғы 5 ай ішінде ешқандай алға жылжу байқалмаған.

“Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіні іздестіріп жатырмын. Бұл қалжың емес. Өкінішке қарай, тергеу бойынша жағдай осылай қалып отыр. Оқиға болғанына бір жылға жуық уақыт өткенімен, тергеу орнынан қозғалған жоқ. Мен қорғаушы ретінде іске кіріскен бес ай ішінде тергеуші Уәлихан Қыдырбай сот-медициналық сараптамадан басқа ешқандай тергеу әрекетін жүргізген жоқ. Ол оқиға орнындағы фото, видео материалдарды және іс құжаттарын көрсеткен жоқ”, – деді Инга Иманбай.

Адвокат істің мән-жайын біле алмағандықтан Бас прокуратураға шағым түсіруге мәжбүр болды.

“Іс бойынша туындаған сауалдарға жауап алу үшін хабарлассақ, телефон қоңырауларына жауап бермейді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шықты ма, іс бойынша басқа да мән-жайларды білу мүмкін болмай тұр. Сондықтан, кеше тергеушінің ісіне құқықтық баға беру және қылмыстық істі тергеу қандай сатыда тұрғаны туралы ақпарат алу үшін Бас прокуратураға шағым түсіруге мәжбүр болдым”, – деді адвокат.


Рекомендовать
Последние новости