"Шевронның" қолдауымен ЭКСПО-2017 аясында "Қала көшпенділері" көрмесі ашылды

Dalanews 29 июн. 2017 08:45 732

ЭКСПО-2017 аясында Астанада қазақстандық қолөнершілер мен дизайнерлердің «Қала көшпенділері 2.0» атты көрмесі ашылды.


27-31 маусым аралығында ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Future Creative британдық мәдени бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында «Қала көшпенділері 2.0» атты көрме өтуде. British Council (Британдық кеңес) аталмыш іс-шараны «Шеврон» компаниясының қолдауымен және де Atomik Architecture Қазақстан-Британ студиясымен бірлесе отырып ұйымдастырып отыр. Көрме аясындағы экспонаттардың барлығы қазіргі заманғы қала көшпендісіне тән бірегей мәдени кодты бірлесе іздеуді көздейді.


«Қала көшпенділері 2.0» - қазақстандық қолөнершілер мен дизайнерлердің қолынан шыққан жұмыстардың бірегей көрмесі. Көрме екі шығармашылық топтың өзара диалогына арналған алаң болып табылады: бір жағынан қолөнершілер ұлттық мәдени мұраны ұсынса, екінші жағынан дизайнерлер сан алуан эксперименттерді жасап, жаңа пішіндерді ойлап табады.




«Қала көшпенділері» көрмесі Қазақстан мен Ұлыбританияның шығармашылық саласындағы жемісті ынтымақтастығының тамаша мысалы болып табылады. Елдеріміз арасындағы серіктестік, соның ішінде мәдениет саласындағы ынтымақтастығымыз ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін бұдан да күшті нығая түсіп, бірлескен жобалар мен бастамаларға жол салады деп үміттенеміз»



- деп атап өтті Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі доктор Кэролин Браун.



Көрмеге қойылған нысандардың барлығы дизайн саласында мамандандырылған британдық оқу мекемелерінің, атап айтқанда, Лондондағы Кингстон университеті және Сент-Мартинс университеті өкілдерінің атсалысуымен дайындалды. Кингстон университетінің магистранттары Қазақстанның көшпенділік кезеңнен бастап осы күнге шейінгі мәдени дәстүрлерінің өзгерісін халықтың тамақтану мәдениетіне, ішкі бөлменің ұйымдастырылуы мен заттарды сақтау жүйесіне зер салу арқылы зерттеді. Осы зерттеудің негізінде қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілер «Қала көшпенділері 2.0» көрмесіне ұсынылатын объектердің тұжырымдамасын әзірледі, кейін бұл тұжырымдамалар Сент-Мартинс университетіндегі оқытушылардың атсалуымен аяқтап бітірілді.


«Қала көшпенділері 2.0» көрмесі қазіргі заман көшпенділерінің өмір сүру ортасын ашып көрсетуді көздейді. Олардың тұрмысы қалай өзгермек? Қала көшпенділері бір қаладан екінші қалаға, бір елден екінші елге саяхаттаған кезінде өздерімен бірге нені ала жүреді? Олардың үй ішіндегі ұсақ-түйек бұйымдар қандай дүниелерден құралған: заманауи дүкендерден сатып алынған заттардан ба, әлде өткеннің мұрасынан ба? Қала көшпендісі үшін не маңыздырақ: заттың беретін пайдасы мен ыңғайлығы ма, әлде төлтума бірегейлігі ме?


«Қала көшпенділері 2.0» көрмесі 2016 жылы Лондонда өткен «Қала көшпенділері» көрмесінің жалғасы болып табылады. 12 мыңнан аса адамның қызығушылығын тудырған бұл алғашқы көрме Лондондағы Халықаралық сәулет фестивалі және Халықаралық дизайн фестивалінің бағдарламасына енгізілді.



Рекомендовать
Последние новости