"Шеврон" компаниясы ауқымды жобаның демеушісі болды

Dalanews 29 июн. 2017 08:53 783

Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернатында Астана қаласының алты медициналық және білім беру мекемесіне қажетті жабдық үшін сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.


"Шеврон" компаниясы "АЯЛА" қайырылымдылық қорының қолдауымен ауқымды жобаның демеушісі болды. №3 Перинаталдық орталықтық медицина қызметкерлері компаниядан екі фототерапия аппаратын және В40 екі медициналық сорғышты сыйға алды. №1 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлеріне электроэнцефалограф тіркеуші құрылғысын, сондай-ақ компьютер және оның құрамдас бөліктерін тапсырды.


№2 Ақмола облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдету аппаратын берді.  



 Сонымен бірге ақыл-ойы кем балаларға арналған Арнайы түзету мектеп-интернатының тігін шеберханасына тігін машиналарын қоса алғанда, жаңа жабдық сатып алынды. "ДОС" Тәуелсіз өмір" мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық бірлестігіне "Шеврон" компаниясы компьютер және құрамдас бөліктерді тапсырды.


"Шеврон" компаниясының және "АЯЛА" қайырымдылық қорының бірлескен жобасының жалпы құны 2017 жылы 28 571 463 теңге болды.


Сыйға тапсырылған медициналық жабдық қарқынды терапия бөлімшелерінде балаларға көмек көрсету деңгейін айтарлықтай арттырады, дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің еңбегін жеңілдетеді. Бұрын мұндай жабдық болмаған кезде дәрігерлер дәрі-дәрмектің қажетті дозасын салу, өкпені желдету, күні жетпей туған сәбиді жылыту үшін балалардың қасында сағаттап отыруға мәжбүр болатын. Енді бұл көмек жоғары технологиялық тұрғыдан және білікті түрде көрсетіледі.  



№1 қалалық балалар ауруханасы ұзақ уақыт бойы жемісті ынтымақтастық үшін үлкен алғысын білдірді.


"Біз "Шеврон" компаниясы және "АЯЛА" қайырымдылық қоры тапсырған жабдыққа (шприц дозаторлары) алғыс айтамыз, бұл жабдық ауыр халде жатқан балаларға дәрі-дәрмекті дұрыс әрі дәл дозалап салу үшін қажет. Әдетте ауруханада 200-ден астам бала болады. Олар дәрілерін өз бетінше қабылдай алмайды және инфузиялық терапияға мұхтаж. Бұл көмек жоғары технологиялық емдеу кезінде аса маңызды", – деді Астана қ.  №1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Лариса Павловец. 


"Перзентханалардың, облыстық ауруханалардың және орталық аудандың ауруханалардың жан сақтау бөлімшелерінде балалардың өмірін құтқаруға көмектесетін жобалар біздің қор жұмысы басымдықтарының бірі. Бала өмірі барлық туыс-туғандары – анасы, әкесі, әжесі, атасы, ағасы мен апасы үшін аса қымбат. Интернаттың тәрбиеленушілеріне және "ДОС" қоғамдық бірлестігіне көмек көрсету – "Шеврон" компаниясының және "АЯЛА" қоғамдық қоры қызметкерлерінің өз ісіне өте мұқият әрі жете қарауының көрсеткіші", – "АЯЛА" қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.  



Рекомендовать
Последние новости