Шерзат ісі: тікелей эфирде естіліп қалған диалог сотта қаралды

Сағыныш Сардарова 22 мая 2025 15:43

Шерзат ісі бойынша сот процесінде "біртүрлі" диалог тікелей эфирде естіліп қалған болатын. Даулы диалог сотта қаралды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде тағы да сот отырысына байланысты аудиожазба таралуына байланысты сот жекеше қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне шықты.

"21 мамырдағы осы іс бойынша басты сот талқылауының үзілісі кезінде айтылған сөздердің аудиожазбасы деп әлеуметтік желілерде таралған дерек бойынша Алматы облысының прокуроры назары аударсын. ...Прокурорға жазбаның шынайылығын, диалог кімдер арасында өрбігенін, әңгіменің мазмұнын анықтап, тиісті шаралар қолдану тапсырылды. Конституцияға сәйкес іс бойынша шешімді тек сот қабылдай алатынын еске саламын", - деді судья.

Айта кетейік, бұған дейін сот процесінде үзіліс жарияланып, адамдар орнынан тұра бастаған кезде мына әңгіме жазылып қалғаны хабарланды: 

"Көзімнен жас шығып кете жаздады ғой, дұрыс сөйледім бе ей, а?", - дейді бірінші адам. 

"Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама. Сөйлесіп қойғанмын", - дейді екіншісі. 


Рекомендовать
Последние новости