Шенді пара алып жатқанда ұсталды (видео)

Dalanews 31 мар. 2017 08:10 949

Антикоррупциялық қызмет өкілдері Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі комитетінің басшысының орынбасарын сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Астаны бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам жөніндегі комитетінің төрағасының орынбасары Б.Мусинді ұстады, ол мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін лоббилегені үшін жүйелі негізде пара алып отырған", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, Б.Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Параның жалпы сомасы – 1,4 миллион теңге. Тергеу жүріп жатыр.

 

https://www.youtube.com/watch?v=KCLppOINFnA

Рекомендовать
Последние новости