Шаруа: «Жүзімге ерекше күтім керек»

Dalanews 08 июл. 2021 08:43 1584

Төлеби ауданы жүзім егуге қолайлы аймақ. Жүзім шаруашылығын жүргізуді қолға алған Тасарық ауылының тұрғыны Сабыржан Танабаев бүгінде кәсібін өркендетіп отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аумағы 18,6 гектар жүзім бауында тұрақты 16 адам, жиын-терім, егіндік маусымында 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Жүзім бауында бүгінде жемістің 4 түрі өсіріледі. Оларды күтіп-баптау, дәрілеу, зиянкестерден қорғау үшін профилактикалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

– Жүзім өсіру үшін бұл салаға толыққанды кірісу қажет. Себебі, оны күтіп-баптау ісі екінің қолынан келе бермейді. Жүзім ағашы өте нәзік болғандықтан, оған көп күтім керек. Ескіріп, жарамсыз күйге түскен көшеттерді қайта алмастырып отырамын. Көшеттерді көршілес Өзбекстаннан тапсырыспен алдырамын, – дейді кәсіпкер.

Шілде, тамыз айларында пісіп жетілген жүзімдерді арнайы сауда орындарына, базарларға шығарып, көтерме бағамен өткізеді. Жеміске сұраныс та көп. Жүзімнен маусымында 30-40 тонна өнім алады. Жүзімдерді ұзақ мерзімге сақтап, оны экспортқа шығаруды жоспарлап отырған қожалық бұл мақсатта алып тоңазытқыш алуды жоспарлап отыр.

Рекомендовать
Последние новости