Жетісайда 105 көше асфальтталынады

Dalanews 08 июл. 2021 08:54 906

Түркістан облысы Жетісай ауданында биыл ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда оның 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшесі толық аяқталған. Елді мекен көшелерін орташа жөндеуден өткізуге облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Асықата кенті және Қазыбек би, Өркенді, Достық елді мекендері бойынша 41,9 шақырымды құрайтын 67 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 8 көшедегі 6,6 шақырымдағы жұмыстар толық аяқталған.

Бұдан бөлек, аудан бойынша жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілген. Көшелерге аяқжол салу бойынша 5,47 шақырымды құрайтын 6 көшеде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, Жетісай ауданындағы көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Оның 43,6 шақырымы – республикалық, 210,4 шақырымы – облыстық, 111,3 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар .

Рекомендовать
Последние новости