Шардарада екі бірдей мақта өңдейтін зауыт салынып жатыр

Dalanews 15 нояб. 2018 06:24 704

Атап айтар болсақ, 5 миллиард 475 миллион теңгелік бірінші зауыт қытайлық «ICC» ЖШС-нің инвестициялары есебінен салынады.

Нысан жалпы аумағы 13 гектар жерде орналасқан. Жұмыс орындарының саны 250-300 адамға есептелген. Өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды. Зауытта жасалған өнім ҚХР-на экспортталатын болады.

Бүгінгі күні мұнда өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде, нысанға қажетті жабдықтар мен техника жеткізілген. Жобаны іске қосу 2018 жылдың қараша айына жоспарланған.


Ад екінші зауыттың құрылысын қаржыландыру өзбекстандық инвестициялар есебінен «Айқажы» ЖШС-і жүзеге асырады, сомасы — 890 млн. теңге. Өндірістік нысан «Шардара» индустриялдық аймағында 10 гектар жерде орналасқан. Жобаның қуаты — жылына 50 мың тонна, 50 жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, бірінші кезеңнің іске қосылуы 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Бұл компанияның өнімдері Қытайға экспортталады.

«Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы TURKISTAN INVEST инвестициялық компаниясы аталмыш жобаларды дайындауда қолдау көрсетіп, бүгінгі таңда оларды сүйемелдеумен айналысуда.

Өз кезегінде аудан әкімі Болатбек Қыстауов аталған өндіріс орындарының аудан экономикасына шырай кіргізетінін тілге тиек етті. Оның айтуынша, ауданда шағын және орта кәсіпкерлерлікті дамыту бағытында қарқынды жұмыс жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалар негізінде жобалар қолға алынуда.

 

Рекомендовать
Последние новости